16 қыркүйек 2020 17:01

"Жеңілмеген. Топ-15 тізімде". Жәнібек Әлімханұлы келесі қарсыласы туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) 9 қазан Лас-Вегастағы The Bubble аренасында өтетін бокс кешінде жұдырықтасады. Қарсылас әзірге белгісіз, дегенмен, қазақстандық боксшының командасы ол туралы аздаған мәлімет берді, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Біздің команда өз жанкүйерлеріне өте ашық әрі тығыз байланыста екенін білесіздер. Жаттығудан аз-кем ақпарат. Солақай спарринг қарсылас. 21 раунд спарринг жасап, жекпе-жекке шыңдалып алдық. Қисық, ыңғайсыз боксшы. Үлкен тәжірибе болды. Бұйыртса салмағы аздау жылдам боксшымен 16 раунд спарринг күтіп тұр. Ары қарай тағы спарринг. Айтпақшы 9 қазандағы қарсыласымыз солақай. Жеңілмеген. Топ 15 деп жатыр. Ресми бекітілген соң аты жөнін жариялаймыз. Құдай қаласа жақсы жекпе-жек болады. @janibek_alimkhanuly батырларыңыз шалдың өзі қайраған орақтай шыңдалып тұр. Әлемге QAZAQ STYLE-ды көрсетуге дайын!

Құрметпен, team QAZAQ STYLE!", - делінген команданың Instagram желісіндегі парақшасында жарияланған хабарламада.

Жәнібек Әлімханұлы былтыр қарашада канадалық Альберт Онолуносені (24-3-1, 8 КО) алтыншы раундта нокаутқа түсіргелі бері рингке шықпаған еді. Боксшының жоспарыларына пандемия бөгет болды. Ал жақында Әлімханұлы чемпиондық титул үшін жоғары салмаққа өтуге дайын екенін мәлімдеген болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети