01 шілде 2018 16:40

Қанат Ислам WBA рейтингінде үш сатыға төмен сырғыды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Владимир Дмитриев © Владимир Дмитриев

Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы (WBА) бірінші орта салмақтың (69,9 келіге дейін) жаңа рейтингін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.


Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы (WBА) бірінші орта салмақтың (69,9 келіге дейін) жаңа рейтингін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мәліметтер бойынша, қазақстандық боксшы Қанат Ислам екінші орыннан бесінші орынға түсіп қалды. Көшбасында тұрған - француз Мишель Соро, одан кейінгі орында - Келл Брук (Ұлыбритания) және Эрисланди Лара (Куба). Төртінші орынға доминикан Карлос Адамес жайғасты.

Бұған дейін Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBО) Қанат Исламды өз рейтингінен шығарып тастаған болатын.

Айта кетейік, Қанат Ислам 23 маусымда Лос-Анджелесте мексикалық Фернандо Каркамомен жұдырықтасуы тиіс болатын, алайда жекпе-жек қазақстандық боксшының жарақатына байланысты өтпей қалды.

Қанат Ислам соңғы рет өткен жылы қыркүйекте рингке шығып, тоғызыншы раундта Брэндон Кукты нокаутқа түсірді. Бұл жекпе-жекте бірінші орта салмақ бойынша WBO NABO, WBA-NABA және WBA Inter-Continental белдіктері бәске тігілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети