Данияр Елеусіновпен және Иван Дычкомен жұмыс істейтін аустралиялық промоутер Майк Алтамура Vesti.kz сайтына Қанат Ислам мен Сауль Альварестің жекпе-жегі қашан болатынын айтып берді.
Данияр Елеусіновпен және Иван Дычкомен жұмыс істейтін аустралиялық промоутер Майк Алтамура Vesti.kz сайтына Қанат Ислам мен Сауль Альварестің жекпе-жегі қашан болатынын айтып берді.
"Бұл жекпе-жек әбден болуы мүмкін, тек оның жақын арада болатыны туралы айта алмаймын. Golden Boy компаниясы мен "Канелоның" өзі ғана бұл сұраққа нақты жауап бере алады. Бір айтарым, Ислам алдағы жекпе-жектерін АҚШ-та өткен соңғы жекпе-жегіндей әсерлі етіп аяқтайтын болса, үздік боксшылармен кездесулер толассыз жауады", - деді Алтамура.
Айта кетейік, 18 ақпанда АҚШ-тың Делавэр штатының Уилмингтон қаласында бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Federatin тұжырымдары бойынша чемпион Қанат Ислам 18 ақпанда өткен кездесуде бразилиялық Робсон Ассисті бірінші раундта нокаутқа түсірген болатын.