18 ақпан 2017 09:29

Қанат Ислам Робсон Ассисті бірінші раундта нокаутқа түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық боксшы, бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Federatin тұжырымдары бойынша чемпион Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісіне жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық боксшы, бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Federatin тұжырымдары бойынша чемпион Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісіне жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Американың Делавэр штаты Уилмингтон қаласында өткен кездесуде қазақстандық боксшы бразилиялық Робсон Ассисті бірінші раундта нокаутқа түсіріп жеңді. Айта кетейік, бүгін тікелей эфирден көрсетілген кездесуде қазақстандық әнші Жанар Дұғалова "Ризамын" әнін орындап шықты.

Кезекті жеңісінен кейін Қанат Ислам қазақстандықтарға алғысын айтып, осы жекпе-жекке қатысты пікірін білдірді. Қанат Исламның айтуынша, оған жарақатына байланысты жекпе-жекті бірден аяқтау керек болған. Осылайша, отандасымыз бірінші раундта бар күшін салып, кездесуді аяқтауға тырысты. "Барлығына көп рақмет! Барлығы біз жоспарлағандай болды. Енді бізді Астанада тағы да үлкен жекпе-жек күтіп тұр. Елбасымыз Астанада EXPO кезінде жекпе-жек өткізуге шақырды. Алғысым шексіз! Соған жақсы дайындалып, қазақтың көк Туын көтеріп, Қазақстандағы кәсіпқой бокстың мықты деңгейге көтерілгенін дәлелдей аламыз деп ойлаймын. Алға, Қазақстан! Жасасын Қазақ елі!", - деді қазақстандық боксшы барлығына алғыс айта отырып.


Vk.com әлеуметтік желісінен алынған видео.

Ал кеше Қанат Ислам мен Робсон Ассис салмақ өлшеу рәсімінен өткен болатын. Айта кетейік, бірінші орта салмақтағы боксшының салмағы 154 фунттан (69,85 келіге дейін) аспау керек. Бірақ жекпе-жекте ешқандай белбеу сарапқа салынбайтын болса, онда екі тарап келісіп, боксшы шектеу қойылған салмақтан асуына болады.

32 жастағы отандасымыз Қанат Ислам кәсіпқой боксқа 2012 жылы ауысып, сол уақыттан бері жеңілістің кермек дәмін татқан жоқ. Ол өзі өткізген 22 кездесудің барлығында жеңіске жетті. 14 рет қарсыласын нокаутқа түсірді. Осы кездесуі Исламның АҚШ жерінде өткізген төртінші жекпе-жегі. Ол бұған дейін Қазақстан, Колумбия және Доминикан Республикасында жұдырықтасқан.

Ал 38 жастағы Ассис болса, 2006 жылы кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін өткізіп, қазіргі уақытқа дейін кәсіпқой бокста 19 кездесу қатысқан. Оның 16 кездесуінде жеңіске жеткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети