11 қараша 2016 13:02

Қанат Ислам атыраулық жетім балаларға теледидар сыйлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін, 11 қарашада Атырауға кәсіпқой боксшы Қанат Ислам келіп, Сабыр Қазыбаев атындағы балалар үйінде болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін, 11 қарашада Атырауға кәсіпқой боксшы Қанат Ислам келіп, Сабыр Қазыбаев атындағы балалар үйінде болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Спортшы Атырауға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының шақыртуымен барды. 


"Біздің спортшылар Қанат Исламның кәсіпқой бокстағы жеңістерінен шабыт алады, - деді Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет. - Біз боксшыны осында бірнеше кездесу өткізіп, балалар үшін шеберлік сағатын өткіуі үшін шақырды".

Алайда мұның алдында Қанат Ислам Сабыр Қазыбаев атындағы балалар үйіне барды. Мұнда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрады. Боксшы балалармен еркін әңгімелесіп, олардың дайындаған концертін тамашалады, сонымен қатар, балалар үйіне плазмалық теледидар сыйлады.


"Қоштасу алдында айтқым келетіні, - деді Қанат Ислам балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қарата. - Өмірде түрлі жағдайлар болады, барлығын бір сәтте тастай салып, жеңілгің келеді. Адамның әлсіздігі жеңіп, төзімділік пен ерік-жігеріңді құм қылады. Осындай жағдайда қарсы төтеп беріп, қысымды екі есе көбейту керек. Біз бүгінде білетін чемпиондар "ешқашан жеңілмеу керек" деген ұстаныммен өмір сүрген. Осы ережені ұстансаңдар, қандай қиындық туса да, әрдайым жеңіске жетесіңдер".


Қанат Ислам бұдан кейін студенттермен кездесіп, жас боксшыларға сабақ өткізді, сондай-ақ Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаевпен кездесті.


Еске салайық, Қанат Ислам 2012 жылы бірінші орта салмақтағы WBA Fedecaribe титулын иеленген. Спортшы 2008 жылғы олимпиаданың қола жүледегері, және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. Бұған дейін ол "Astana Arlans" (WSB) командасының капитаны болған.

Айьта кетейік, соңғы жекпе-жегінде отандасымыз ганалық Патрик Аллотейді жеңген болатын. Осылайша, спортшымыздың қоржынында 22 жеңіс бар, оның 18-і нокаутпен аяқталған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети