Қанат Ислам - Джонатан Батиста жекпе-жегінің видеосы жария болды

10 Қараша 2015, 23:51
3
Қанат Ислам - Джонатан Батиста жекпе-жегінің видеосы жария болды - © Facebook.com
© Facebook.com

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам мен Доминикан Республикасының боксшысы, 31 жастағы Джонатан Батистаның жекпе-жегінің видеосы жария болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"ВКонтакте" желісіндегі "Қазақ боксы" тобының жариялаған видеосында қазақ боксшысы Қанат Исламның қарсыласын бірінші раундта ұрып құлатқан сәті бейнеленген. Айта кетейік, осыған дейін видео ешбір ақпарат құралында жария болмай келген еді. Сонымен қатар, жекпе-жек кешін тікелей эфирде ресми түрде таратқан арна да бұл видеоны жария етпей келген болатын.  

Еске салайық, жекпе-жек 8 қараша күні болды. Қазақ боксшысы үшін бұл кәсіби рингтегі жиырмасыншы жекпе-жектегі жиырмасыншы жеңісі. Батиста 15 жекпе-жегінде сегізінші рет жеңіліп отыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай