Қанат Ислам Геннадий Головкинге қиындық келтіре алады - промоутер

13 Қараша 2014, 17:20
4
Қанат Ислам Геннадий Головкинге қиындық келтіре алады - промоутер - Боксшы Қанат Ислам. ©prosport.kz
Боксшы Қанат Ислам. ©prosport.kz

Промоутер Нельсон Лопес боксшы Қанат Ислам Геннадий Головкинге қиындық келтіре алады деп есептейді. Бұл туралы ол Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты. Оның айтуынша, боксшы спорттың басқа да жұлдыздарын жеңе алады.

"Қанат Ислам өте күшті және болашақта Геннадий Головкинге қиындық келтіре алады. Мен тіпті былай айтар едім: "GGG, дайындал, біз келеміз!" Қанатты барлық ұйымдардың топ-тізіміне енгізуге болатынына күмән жоқ және ол әлемнің мықты боксшыларымен жұдырықтаса алады", - деді Лопес. "Менің боксшым Эмануэль Аугустус бір керемет кездерде Флойд Майвезерге мәселелер туындатып, жеңілмейтін америкалыққа қарсы 9 раунд шыдас берді. Ал Қанат Эмануэльді сенімді түрде жеңеді ғой", - деді ол.

Мұнымен қатар, промоутер Қанат Исламның кездесулері Қазақстанда өтіп тұруы керектігін айтты. "Қанат Қазақстанда жұдырықтасқанын қалаймын. Қанат өзі де Қазақстанда жұдырықтасқысы келеді. Жанкүйерлері бар, қолдауы бар, бірақ неге екенін білмеймін, Қазақстанда ешкім кездесулер өткізіп, қазақстандықтарға спорттық үлкен шоулар жасамайды. Бірақ ақша бәрін де шеше алмайды. Геннадий Головкин неге Қазақстанда кездесу өткізбейді? Себебі Алматыда кездесу өткізгені үшін ешкім де 4 миллион доллар бермейді. Бұл кездесуді HBO мен Showtime телеарналары көрсетпейді. Болашақта бәрі өзгеретін шығар, бірақ жағдайды өзгерту үшін шуды қазір шығару керек", - деді ол. Сонымен бірге, промоутер Қанат Исламның "Астана" президенттік кәсіби спорт клубына кіргенін қалайтынын айтты. Сұхбатты толығырақ мына жерден оқи аласыздар.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (4)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай