06 мамыр 2015 14:44

Қанат Ислам жақында Қазақстанда жекпе-жектер өткізуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қанат Ислам. © facebook.com Қанат Ислам. © facebook.com

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам жақында өз Отанында жекпе-жектер өткізуі мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz. Мұндай бастаманы отандық қоғамдық ұйымдардың бірі көтеріп отыр. 


Қазақстандық боксшы Қанат Ислам жақында өз Отанында жекпе-жектер өткізуі мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz. Мұндай бастаманы отандық қоғамдық ұйымдардың бірі көтеріп отыр. 

"Қазір кәсіпқой спортшыларды іріктеудің белсенді селекциялық жұмысы жүріп жатыр. Шын мәнінде бізбен жұмыс істегісі келетін әуесқойлар өте көп. Сонымен қатар, біз Қанат Исламмен және оның промоутері Нельсонмен Қазақстанда және шетелде біздің қамқорлығымызбен рейтингтік және титулдық жекпе-жектер өткізу туралы келіссөздер жүргізіп жатырмыз", - деді Diamond Ring ҚҰ Бас директоры Дәурен Нұрмағанбетов. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның колумбиялық Орландо Де Хесус Эстрадомен өткізген жекпе-жегінен кейін бірінші орта салмақ бойынша рейтингтегі өз позициясын жақсартқаны хабарланған болатын. 24 наурызда Колумбияда өткен жекпе-жек қазақстандық боксшының мерзімінен бұрынғы жеңісімен аяқталды. Осылайша, Қанат Ислам WBA Fedelatin титулын қорғап қалды. Қазақстандық келесі жекпе-жегін АҚШ-та өткізбек, алайда қарсыластары мен кездесулердің өтетін нақты күні әзірше белгісіз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети