28 наурыз 2014 16:28

Қанат Ислам кезекті жекпе-жегін 26 сәуірде өткізеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нельсон Мелдес және Қанат Ислам ©Тengrinews.kz Нельсон Мелдес және Қанат Ислам ©Тengrinews.kz

Қанат Ислам келесі жекпе-жегін 26 сәуірде өткізеді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қанат Ислам келесі жекпе-жегін 26 сәуірде өткізеді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Екі айдан бері Қазақстанда жүрген боксшы 2-ші сәуір күні Латын Америкасына аттанып, жаттығу жұмыстарына кіріспек. 

"Бұйырса 26-сәуірде Доминика елінің астанасында рейтингтік жарыс өтеді. Соған орай мен рейтингте 8-орынға жету үшін жекпе-жекке шығамын. Қазір мен ол рейтингте 11 орында тұрмын", - деді Бейжің олимпиадасының қола жүлдегері Қанат Ислам.

Боксшының промоутері Нельсон Мелдес қарсыластың әлі анықталмағанын айтады. Сондай-ақ, ол Қанаттан бұрын қазақ боксшыларының ішінде Марат Мәзімбаевпен жұмыс істегенін атап өтті.

"Қазақ боксшыларында өзіне тән ерекшеліктері бар. Олар кәсіпқой бокста талмай жаттығып, жетістікке жете алады. Мен Қанаттың болашақта биікке шығатынына сенемін", - деді ол.

Ал Қанат Ислам "АҚШ, Куба, Доминика елдерінің үш боксшының бірімен жұдырық түйістіретін боламын. Олардың қайсысы екені жарыс жақындағанда белгілі болады. Бұйырса, Доминикаға барысымен жаттығуға кірісіп, спаррингтегі қарсыласым, олимпиада чемпионы Феликс Диаспен дайындаламын", - деп отыр.

Қанат Ислам промоутері Нельсон Мелдес екеуі ел астанасына "Астана" Президенттік спорт клубымен келісім-шарт жасасуға келген. Бұдан былай "Астана" спорт клубы Қанаттың жекпе-жегін Қазақстанда өткізуге мұрындық болмақ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети