Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам бразилиялық Робсон Асисспен 17 ақпанға белгіленген жекпе-жектен кейін Астанада өтетін бокс кешіне дайындықты бастауға дайын. Спортшының өкілі Берік Сұлтан Vesti.kz басылымына берген сұхбатында боксшының алдағы жоспарлары жайлы айтып берді.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам бразилиялық Робсон Асисспен 17 ақпанға белгіленген жекпе-жектен кейін Астанада өтетін бокс кешіне дайындықты бастауға дайын. Спортшының өкілі Берік Сұлтан Vesti.kz басылымына берген сұхбатында боксшының алдағы жоспарлары жайлы айтып берді.
"Мәдениет және спорт министрі 29 қазанда өткен жекпе-жектен кейін Қанат Исламды қабылдап, оған Мемлекет басшысының құттықтауын жеткізді. Сол кездесуде EXPO халықарылық көрмесін өткізу барысында үлкен бокс кешін ұйымдастырып, сонда Қанат Исламды шақыру туралы ой туындаған болатын", - деді Берік Сұлтан.
Сондай-ақ, Қанат Исламның өкілі қазақстандықтың EXPO қарсаңында өткізілетін бокс кешіне қатысуға дайын екенін айтты. "Кештің нақты қай айда өтетіні белгісіз. Бокс кеші жаздың соңында өтетін болса, Қанат мамыр айында АҚШ-та тағы бір жекпе-жек өткізіп, Астанадағы бокс кешіне дайындықты бастауға дайын. Егер одан ерте өтетін болса, Қанат Ислам Ассиспен жұдырықтасқан соң, дайындықты бастай береміз. Бокс кешіне бір күнде Геннадий, Бейбіт, Жанат пен Қанат сияқты боксшылар қатысса, бұл кеш қатысушылар құрамы жағынан мықты болмақ", - деді боксшысының өкілі.
Осыған дейін "Астана ЭКСПО-2017" өкілдері Головкиннің Астанадағы жекпе-жегі жайлы айтқан болатын. "Жекпе-жекке қатысты келіссөздер жүргізіліп жатыр, алайда оған қатысты басқа мәліметтерді айта алмаймыз", - деген еді "Астана ЭКСПО-2017" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметіндегілер. ондай-ақ, қазақстандық промоутер Головкин Астанада жекпе-жек өткізеді деген хабарға қатысты пікір білдірген болатын.
Айта кетейік, Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы өзінің соңғы жекпе-жегін 2016 жылдың 29 қазан күні Алматыда өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша ганалық боксшы Патрик Аллотейден басым түскен еді.