27 қазан 2017 16:15

Қанат Ислам Мэнни Пакьяомен келесі жылдың наурызында жекпе-жек өткізуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/beriksultan © instagram.com/beriksultan

Қазақстандық боксшы Қанат Исламның командасы филиппиндің Мэнни Пакьяомен 2018 жылы наурызда жекпе-жек өткізу жоспары екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық боксшы Қанат Исламның командасы филиппиндің Мэнни Пакьяомен 2018 жылы наурызда жекпе-жек өткізу жоспары екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл туралы Қанат Исламның менеджері Берік Сұлтан Instagram желісінде парақшасында жариялады. Оның айтуынша, жекпе-жек 2018 жылы 22 наурызда 12 мыңдың "Алматы-Аренада" өтуі мүмкін.

"Пакьяоның командасы дайын болса QAZAQ командасы дайын. 22 наурыз Алматы қаласы "Almaty arena" спорт кешенінде бокс жанкүйерлері үшін үлкен шоу жасауға біз сақадай саймыз. Пакменнің командасы келіссе болды", - деп жазылған Берік Сұлтанның Instagram желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, Қанат Ислам соңғы кездесуін 9 қыркүйек күні елордамыз Астана қаласында өткізіп, канадалық Брэндон Кукты (18-1, 11 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша отандасымыз WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерін қорғап қалған еді. Ал филиппиндік боксшы соңғы рет 2 шілде күні Аустралияда жекпе-жек өткізіп, Джеф Хорннан жеңілген еді.

Қанат Ислам мен Мэнни Пакьяоның командасы жекпе-жек туралы келісімге келсе, отандасымыз филиппиндік боксшымен жұдырықтасқан екінші қазақ болады. Мэннимен алғашқы жұдырықтасқан қазақ боксшысы - Серік Ешмағамбетов. 2003 жылы Манилада өткен жекпе-жекте Пакьяо жеңіске жеткен. Дегенмен Серік те қарсыласын бір рет нокдаунға түсірген. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети