07 қазан 2016 14:22

Қанат Исламның 29 қазанда рингке киіп шығатын шапанының үлгісі жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© nur.kz © nur.kz

Бүгін Қанат Исламның кездесу алдында шаршы алаңға киіп шығатын шапанының үлгісі белгілі болды. Бұл туралы Massaget.kz боксшының Facebook желісіндегі парақшасында жарияланған жазбасына сілтеме жасап хабарлайды. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 29 қазан күні Алматыда ганалық Патрик Аллоетеймен жекпе-жек өткізеді. 


Бүгін Қанат Исламның кездесу алдында шаршы алаңға киіп шығатын шапанының үлгісі белгілі болды. Бұл туралы Massaget.kz боксшының Facebook желісіндегі парақшасында жарияланған жазбасына сілтеме жасап хабарлайды. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 29 қазан күні Алматыда ганалық Патрик Аллоетеймен жекпе-жек өткізеді. 

"Қанат Исламның жекпе-жекке киіп шығатын киімінің дизайны белгілі болды. 29 қазанда Алматыда өтетін жекпе-жекте Қанат Ислам және оның командасы дәл осы үлгідегі киімді киіп шығатын болады", - делінген.


© ВКонтакте/Қанат "Kazakh" Ислам

Айта кетейік, қазақстандық боксшы ганалыққа қарсы орта салмақта "WBA Fedelatin" чемпиондық белбеуін қорғайтын болады. Сондай-ақ, "WBO" (Әлемдік бокс ұйымы) тұжырымы бойынша құрлықаралық чемпион және "IBO" (Халықаралық бокс ұйымы) тұжырымы бойынша халықаралық чемпион атағына таласады.

Бірінші орта салмақта "WBA Fedelatin" атағына ие Қанат Ислам осы уақытқа дейін 21 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 18-ін нокаутпен ұтқан.

Патрик Аллотей де тәжірибелі боксшы. Осыған дейін кәсіпқой шаршы алаңда 36 жекпе-жек өткізген. Оның 34-де қарсыластарынан басым түскен. Оның 24-де қарсыластарын нокаутпен ұтса, 2 жекпе-жегінде ғана қарсыластарына есе жіберген. Cоңғы рет 24 маусым күні шаршы алаңға шығып, отандасы Сани Идананы жеңген. Жекпе-жектерінің барлығын дерлік Ганада өткізген. Үш кездесуі ғана өзге елде өткен. Кәсіпқой бокста "Улы жебе" деген лақап атқа ие.

Алматыдағы бокс кешінде Қанат Исламнан өзге Жанқош Тұраров, Руслан Мырсатаев, Али Ахметов, Айдар Шәрібаев пен Айдос Ербосынұлы шаршы алаңға шығады. Сондай-ақ, Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети