28 қазан 2019 09:13

Қанат Исламның жеңісіне WBO пікірі: Бірауыздан жеңіске жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қанат Ислам салмақ өлшеу рәсімінде. 25 қазан, Алматы. © com/kanatislamteam Қанат Ислам салмақ өлшеу рәсімінде. 25 қазан, Алматы. © com/kanatislamteam

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) сайтында қазақстандық Қанат Ислам мен намибиялық Уолтер Каутондоквамен өткен жекпе-жек бойынша есеп ұсынды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) сайтында қазақстандық Қанат Ислам мен намибиялық Уолтер Каутондоквамен өткен жекпе-жек бойынша есеп ұсынды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Каутондокваға судьяларды көндіру үшін күш-жігер мен төзімділік жетпеді. Ислам бірауыздан жеңіске жетті. Осылайша, қазақстандық боксшы WBO рейтингінде 8-орында тұр. Енді бұл тізімде одан да жоғары көтерілер. Бұл Қанат үшін керемет кездесу болмаса да, ол жеңіп, судьялардың өз пайдасына шешім шығаруына барын салды", - деп жазады WBO.

Боксшылар арасындағы кездесу 26 қазанда Алматыда өткен болатын, судьялардың шешімі бойынша қазақстандық боксшы чемпиондық атағын қорғап қалған еді.

Бақытжан Сағынтаев Қанат Исламның жеңісі туралы пікір білдірді

Кейінірек Қанат Исламның жекпе-жектің жартысынан бастап сынған қолмен жұдырықтасқаны жайлы айтылды. Боксшының командасының өкілдері жетінші раундтан бастап Қанат Ислам шынашағы сынғанына қарамастан жұдырықтасқан дейді. Сол себепті ол қарсыласына ауыр соққы дарыта алмаған. Жекпе-жектен соң боксшының қолына гипс салған екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети