25 сәуір 2017 09:23

Қанат Исламның қарсыласы белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vk.com/kanatislamteam © vk.com/kanatislamteam

Бірінші орта салмақта WBO Intercontinental және WBA Fedelatin белбеулерінің иегері қазақстандық боксшы Қанат Исламның (23-0, 19 КО) кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Бірінші орта салмақта WBO Intercontinental және WBA Fedelatin белбеулерінің иегері қазақстандық боксшы Қанат Исламның (23-0, 19 КО) кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Осыған дейін Қанат Ислам рингке мамырда АҚШ-та оралатынын айтқан еді. Енді жекпе-жектің нақты уақыты мен қарсыласы және өтетін орны анықталып отыр. 

Келесі жекпе-жегін қазақстандық 26 мамырда Флоридада өткізеді. Оған мексикалық Норберто Гонсалес қарсылық көрсетеді. Мексикалық боксшы кәсіпқой бокста 31 жекпе-жек өткізіп, 23-інде жеңіске жеткен (12 КО) және сегізінде жеңіліске ұшыраған. 

Боксшылар WBO NABA және WBA intercontinental титулдарын сарапқа салады.

Ал осы жекпе-жектен кейін Қанат Исламның Астанада қыркүйекте өтетін титулға талас жекпе-жегінде кіммен жұдырықтасатыны белгілі болады. Осы бокс кешінің аясында ауыр салмақта WBA чемпионы Бейбіт Шүменов шаршы алаңға шығады деп күтіледі.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети