1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

Қанат Исламның WBA белбеуіне үміткер анықталатын жекпе-жегі Астанада өтуі мүмкін бе? 14 желтоқсан 2017, 17:54

Алғашқы орта салмақта жұдырықтасатын америкалық боксшы Джон Вераның (18-0, 11 КО) өкілі Roy Jones Jr. Boxing Promotions компаниясының мачмейкері
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Қанат Ислам Қанат Ислам

Алғашқы орта салмақта жұдырықтасатын америкалық боксшы Джон Вераның (18-0, 11 КО) өкілі Roy Jones Jr. Boxing Promotions компаниясының мачмейкері Гай Тэйлор Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Қанат Исламмен жекпе-жектің қайда өтуі мүмкін екенін айтты.

"Келіссөздер жүріп жатыр. Кей тұстар бойынша ортақ шешім болмай жатыр. Созылып кетуі мүмкін. Мәселенің көбі біздің командаға байланысты емес", - дейді Тэйлор.

Мачмейкер жекпе-жектің қайда өтуін қалайтынын және оны Қазақстанда өткізу неге мүмкін еместігін айтты. 

"Лас-Вегаста өткенін қалар едім. Қалай дегенмен бәрі қаржыға келіп тіреледі. Ал жекпе-жекті сіздердің елде өткізу ұсынысы бізді қызықтырмайды, оған қыруар қаржы қажет", - дп түсіндірді ол. 

Айта кетейік, Қанат Исламның командасы желтоқсан соңында АҚШ-қа баратынын, ал мамырда Астанада жекпе-жек өткізетінін мәлімдеген.

Еске салайық, WBA резалюциясы бойынша, алғашқы орта салмақтағы чемпиондық атаққа міндетті қарсылас анықталатын бұл жекпе-жекті өткізу туралы келіссөздер 21 желтоқсанда аяқталу керек. Олай болмаған жағдайда промоутерлік сауда басталады.



Join Telegram