03 сәуір 2018 16:23

"Канело" допинг дауына қатысты алғаш рет ресми түрде мәлімдеме жасамақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© HBO Boxing © HBO Boxing

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) журналистерге арналған баспасөз жиынын өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы.


Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) журналистерге арналған баспасөз жиынын өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Ақпанда Альварестің қанынан тыйым салынған кленбутерол препараты табылған еді. Боксшының командасы дәрмектің тамаққа пайдаланған бұзылған ет арқылы келген деп түсіндірген. Содан соң Альварес үш рет сынақтан өтіп, үшеуінде де оның қаны таза болды. Бірақ Невада штатының Атлеттер комиссиясы "Канелоны" 18-сәуірге дейін жекпе-жектерден шеттетті. Сол күні оның ісіне қатысты сот отырысы өтеді.

"Golden Boy сейсенбі күні Альварестің қатысуымен баспасөз жиыны өтетінін хабарлады. Біз онда боламыз", - деп жазды Los Angeles басылымының тілшісі Лэнс Пагмайер парақшасында.

Айта кетейік, Альварес бұл жиында допинг дауына қатысты бірінше рет ресми жауап береді. Бұған дейін оның командасы бірде бір тілшіні оның Сан-Диегодағы (АҚШ, Калифорния штаты) жаттығу залына кіргізбеген.

Допинг дауына қатысты жалғыз пікірді Альварес допинг-сынақтан кейін білдірген еді. Ол кезде мексикалық боксшы таза екенін дәлелдеймін деді.

Головкиннің промоутері Альварестің ісі қалай аяқталысына қарамастан 5-мамырда қазақстандық боксшының шаршы алаңға шығуға дайындалып жатқанын хабарлады. Олардың екінші кездесуі де Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді деп жоспарланған еді. 9 наурызда қазақстандық және мексикалық боксшы арасындағы қарымта жекпе-жекті ұйымдастырушылар жарнамалық науқанды тоқтатқаны хабарланған болатын. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети