04 қыркүйек 2017 12:21

"Канело" Головкинмен жұдырықтасқаннан кейін Коттомен қарымта жекпе-жек өткізуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vesti.kz © Vesti.kz

Мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (49-1-1, 34 КО) командасы 16 қыркүйекте қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0, 33 КО) жекпе-жектен кейін пуэрториколық Меигель Коттомен (41-5, 33 KO) қарымта кездесу өткізу мүмкіндігі туралы ойларын айтты.


Мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (49-1-1, 34 КО) командасы 16 қыркүйекте қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0, 33 КО) жекпе-жектен кейін пуэрториколық Меигель Коттомен (41-5, 33 KO) қарымта кездесу өткізу мүмкіндігі туралы ойларын айтты.

36 жастағы Котто 27 тамызда жапониялық Йошихиро Камегаиді жеңіп, бірінші орта салмақ бойынша WBO чемпионы атағына ие болды. Жекпе-жектен кейін оның бапкері Фредди Роуч боксшының келесі қарсыласы ретінде Головкин - "Канело" жекпе-жегінің жеңімпазын көргісі келетінін айтқан. 

Ал "Канелоның" бапкері Эдди Рейносо өз кезегінде Котто 2015 жылы бір рет жеңілгендіктен қарымта кездесу қызықтырмайтынын айтқан. Коттоны жеңгеннен кейін мексикалық боксшы орта салмақта WBC чемпионы атанған еді. 

"Бізге Коттомен жекпе-жек қызықты емес, өйткені оны бір рет соққыға жыққанбыз. Йошихиро Камегаимен жұдырықтасқанын көрдік, тамаша. Мигельге деген сыйластығымыз қаншалықты мықты болғанымен, кім жеңгенін көрдік", - дейді Рейносо ESPN Deportes басылымына берген сұхбатында. 

Ал "Канелоның" промоутері Оскар Де Ла Хойя пуэрториколық боксшыға IBF тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Давид Лемьемен жекпе-жек ұйымдастырып беруге дайын екендігін жеткізді. 

"Лемье мен Мигель арасындағы жекпе-жек Нью-Йоркте үлкен қызығушылық туғызады. Бұл жекпе-жектің жеңімпазы "Канелоға" қарсылас болуы әдбен мүмкін", - дейді Де Ла Хойя. 

Мұның алдында қазақстандық Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Коттомен жекпе-жек болуы мүмкін екенін айтқан, ал бапкер Абель Санчес мұны өте қызықты ұсыныс деген болатын. 

Еске салайық, бокс туралы ең көне журнал Boxing News Коттоға жақсы қарсылас болатын бес боксшының тізімін жасаған. Бұл тізім басында Головкин - Альварес жекпе-жегінің жеңімпазы тұр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети