"Канело" Мейвезерден жеңілді, екінші рет біздің батырдан жеңіледі - Қанат Ислам

16 Қыркүйек 2017, 15:45
0
"Канело" Мейвезерден жеңілді, екінші рет біздің батырдан жеңіледі - Қанат Ислам - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Бірінші орта салмақтағы WBO, NABO және WBA Inter-Continental чемпиондық белбеулерінің иегері қазақстандық боксшы Қанат Ислам өз отандасы Геннадий Головкинге мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен өтетін жекпе-жекте сәттілік тіледі, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

"Гена менің ағам! Гена елімнің мақтанышы! Гена əлемдік бокс жұлдызы! Жекпе-жегінде бауырыма сəттілік тілеймін. Бұл жолғы қарсылас оңай емес. Тəжірибелі де талантты боксшыларды ұтқан атақты Канело. Бірақ мен GGG өз мақсатына жетпей қоймайтын намысты боксшы екенін білемін. Оны талай дəлелдеді. Жаттықтырушысы осы жолы да дұрыс тактика қойып, алғашқы раундта-ақ тізгінді Гена өз қолына алатынына күмəнім жоқ. Мейвезерден ұтылған Канелоның екінші жеңілісі біздің батырдан болады деп сенемін! Ел сенеді. Үміт артады. Көк туды желбірет, батыр!", - деп жазды Қанат Ислам Instagram желісіндегі парақшасында.  

 

Гена менің ағам! Гена елімнің мақтанышы! Гена əлемдік бокс жұлдызы! Жекпе-жегінде бауырыма сəттілік тілеймін. Бұл жолғы қарсылас оңай емес. Тəжірибелі де талантты боксшыларды ұтқан атақты Канело. Бірақ мен GGG өз мақсатына жетпей қоймайтын намысты боксшы екенін білемін. Оны талай дəлелдеді. Жаттықтырушысы осы жолы да дұрыс тактика қойып, алғашқы раундта-ақ тізгінді Гена өз қолына алатынына күмəнім жоқ. Мейвезерден ұтылған Канелоның екінші жеңілісі біздің батырдан болады деп сенемін! Ел сенеді. Үміт артады. Көк туды желбірет, батыр!

Публикация от Kanat Islam / OFFICIAL PAGE (@islamkanat)

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай