1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

"Канело" төрт чемпиондық белбеу үшін Джейкобспен жұдырықтасатынын мәлімдеді 18 қаңтар 2019, 10:13

Орта салмақта WBC, WBA (Super) және The Ring белбеулерінің иегері мексикалық Сауль "Канело" Альварес (51-1-2, 35 КО) осы дивизионда IBF чемпионы
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Орта салмақта WBC, WBA (Super) және The Ring белбеулерінің иегері мексикалық Сауль "Канело" Альварес (51-1-2, 35 КО) осы дивизионда IBF чемпионы америкалық Дэниэл Джейкобспен (35-2, 29 КО) жұдырықтасатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Чемпиондық белбеулерді біріктіретін жекпе-жек 4 мамырда Мексиканың ұлттық мерекесі "Синко де Майо" күні өтеді. Жекпе-жек туралы боксшылардың өзі, промоутерлер мен DAZN стриминг агенттігі ресми мәлімдеді. Алайда әзірге өтетін қала мен арена аталмай отыр.

Альварес те, Джейкобс та соңғы рет Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жұдырықтасқан: мексикалық 15 желтоқсанда үшінші раундта ұлыбританиялық Рокки Филдингті (27-2, 15 КО) нокаутқа түсіріп, екінші орта салмақтағы WBA белбеуін тартып алған, ал Джейкобс 27 қазанда төрешілер шешімі бойынша украиналық Сергей Деревянченконы (12-1, 10 КО) жеңіп, IBF чемпионы атанды.

Головкин "Канеломен" үшінші жекпе-жекке қызығып отырған жоқ - мексикалықтың промоутері

Уалихан Қосанбай



Join Telegram