Әлемнің бұрынғы чемпионы ұлыбританиялық Әмір Хан өзіне қарсылас болған Сауль "Канело" Альварестің қылығына наразылығын білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.
Әлемнің бұрынғы чемпионы ұлыбританиялық Әмір Хан өзіне қарсылас болған Сауль "Канело" Альварестің қылығына наразылығын білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.
"Маған "Канело" ұнайтын еді. Менімен жұдырықтасып, жеңіске жетті. Егер P4P рейтингінде ең мықтылар қатарында болғысы келсе, біздің істегенімізді істеу керек - үздіктермен қолғап түйістіруі қажет. Белбеу сенде болса, саған кім қарсы тұратынына қарамастан жұдырықтасу қажет. Мен міндетімді орындаған едім. Ал ол болса салмағын түсірген немесе көтерген адаммен ғана жекпе-жек өткізеді.
"Канелоның" қазіргі істеп жүргені халықты алдау. Оған өз салмағында 160 фунтта жекпе-жектер өткізген дұрыс. Оған Головкиннен қашып керек емес, Альварес оны жеңе алады. Ол болса жерлесімен жұдырықтасамын деп Головкиннен қашып жүр", - дейді Хан Behind the Gloves басылымына берген сұхбатында.
Еске салайық, "Канело" мен Чавес арасындағы жекпе-жек 6 мамырға белгіленген. Альварестің промоутері осы жекпе-жектен кейін қыркүйекте "Канело" Головкинмен жұдырықтасады деп уәде еткен. Ал қазақстандық боксшы наурызда Нью-Йорк қаласында америкалық Дэниэл Джейкобске қарсы тұрады.