"Канелоға" қандай жаза тағайындалуы мүмкін?

30 Наурыз 2018, 10:41
0
"Канелоға" қандай жаза тағайындалуы мүмкін? - REUTERS ©
REUTERS ©

Los Angeles Times басылымы Невада шатытының атлеттер комиссиясының (NSAC) басшысы Боб Беннеттің мексикалық Сауль "Канело" Альвареске қатысты шағымының бір бөлігін жариялады. Шағым бүгін 30 наурызда жасалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Шағымда "Канелоны" спорттан бір жылға шеттету керектігі айтылған. Сегіз парақтан тұратын шағымда мексикалықтың "жарысқа зиян келтіруге кездейсоқ немесе спортқа қайшы әрекет жасағаны үшін кінәлі" екені айтылған. 

Жарыс ретінде Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі меңзелгені хабарланып отыр. 

Айта кетейік, 28 наурызда ESPN арнасының сарапшысы және Америкадағы танымал бокс шолушысы Дэн Рафаэль Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек күні (5 мамыр) өзгеруі мүмкін деген болжам жасаған.

29 наурызда қазақстандық және мексикалық боксшы арасындағы қарымта жекпе-жекті ұйымдастырушылар жарнамалық науқанды тоқтатқаны хабарланды. Los Angeles Times баылымының жазуынша, Golden Boy Promotions жекпе-жекке қатысты барлық шараларды тоқтатты, HBO арнасы да жарнамалауды уақытша үзді, ал MGM Resorts билет құнын қайтаруға дайын екендерін жеткізді. 

Ал Головкиннің промоутері Том Леффлер комиссия Альвареске қатысты қандай шешім шығарса да, қазақстандық 5 мамырда шаршы алаңға шығатынын мәлімдеген.

Еске салайық, Головкинмен қарымта кездесуге екі ай қалғанда Альварестің қанынан кленбутерол атты допинг табылған. Мексикалықтың командасы мұны зарарлы етті тамаққа пайдаланумен байланыстырды. Дегенмен Невада штатының Атлетикалық комиссиясы Альваресті әзірге жекпе-жектерден шеттетті. Қорытынды шешім 10 сәуірде шығады.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай