Головкин - "Канело" екінші жекпе-жегінің жаңа мерзімі айтылды

28 Наурыз 2018, 10:44
0
Головкин - "Канело" екінші жекпе-жегінің жаңа мерзімі айтылды - © forbes.com
© forbes.com

ESPN телеарнасының сарапшысы әрі АҚШ-тағы ең танымал бокс шолушыларының бірі Дэн Рафаэль мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) пен орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) 5 мамырға жоспарланған жекпе-жек белгіленген уақытта өтпей қалу мүмкін екенін айтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Альварес жекпе-жекке екі ай қалғанда допингпен ұсталған. Екі бірдей сынамасынан тыйым салынған кленбутерол препараты табылған. Мексикалықтың командасы бұл жағдайды боксшының ағзасына бұл препарат желінген еттен енген дегенді айтып, түсіндірген. Ал Невада штатының Атлеттер комиссиясы Альваресті жекпе-жектерден уақытша шектеген. Қорытынды шешім 10 сәуірде шығарылады. Ал Головкинмен жекпе-жегі 5 мамырға белгіленген.

"Көп жылдық тәжірибеме сүйене отырып, Комиссияның ережелерін оқи келе 5 мамырда жекпе-жек өтпеуі мүмкін деген болжамға келдім. Қайталап айтамын: Мен 5 мамырда жекпе-жектің болмайтынын нақты айта аламын. Альварес өзінің кінәсіздігін дәлелдей алмаса, Комиссия жекпе-жектің өтуіне жол бермейді. Ол кемінде алты айға шеттетіледі. Осылайша ол ең аз дегенде 17 тамызда шаршы алаңға қайтып оралады", - деді Дэн Рафаэль.

Сондай-ақ маман Головкин - "Канело" екінші жекпе-жегінің жаңа мерзімін болжады. 

"Менің болжамым: Головкин 5 мамырда басқа қарсыласпен жұдырықтасады, немесе жекпе-жек маусым айына шегеріледі. Егер Головкин мамыр/маусым кездесуінде жеңіске жетсе, ол онда Альвареспен Мексиканың тәуелсіздігі, қыркүйектің ортасында кездесуі мүмкін. Бірақ бұл болжам Альварест жарты жылға шеттеген жағдайда ғана ескеріледі", - деді Рафаэль ESPN сайтындағы блогында.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай