Канеломен жекпе-жек Головкиннің көзімен: DAZN видео жариялады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Канеломен жекпе-жек Головкиннің көзімен: DAZN видео жариялады Тұрар Қазанғапов©

DAZN стриминг қызметі Геннадий Головкиннің көзімен Сауль Канело Альвареспен өткен алғашқы жекпе-жекті көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.


Бұл жекпе-жек 2017 жылдың қыркүйегінде Лас-Вегаста өтті. Головкиннің карьерасында алғашқы жекпе-жегі тепе тең аяқталды.

"Бұл жекпе-жекте жеңіс үшін жеткілікті күш жұмсалғанына сенімдімін", - дейді Головкин видеода.

GGG Канеломен спарринг өткізгенін есіне алды: "Бірге бірнеше жаттығу жиындарын өткіздік. Бұл бұрын болған. Ол да, мен де басқа боксшылар едік. Бір-бірімізбен спаринг жасап, тәжірибе бөлістік. Ол кезде ол қазіргідей емес еді".

Ол сол жекпе-жек алдында не сезінгенін айтты. "Лас-Вегастағы T-Mobile аренасына алғашқы үлкен жекпе-жекке бара жатқандай сезіндім. Мен сенімді болдым және бүкіл ойымды жекпе-жекке бөлдім", - дейді қазақстандық.

"Ол жетілген және тәжірибелі бола түскен. Ол спортшы ретінде жетіліп, өскен", - дейді Головкин Канело туралы.

"Бұл жекпе-жекте IQ төмен немесе деңгейі төмен боксшы болған жоқ", - дейді қазақстандық.

Головкин жекпе-жек барысы туралы да айтқан. "Алғашқы раундтарда қарсыластың тактикасына қарайсың. Онда көбірек ақпарат бар. Мен оның не ойлағанын түсіндім: бірінші раундтардан кейін бәрі анық болды. Ол таңғалдырған жоқ. Ең қызығы жекпе-жектің ортасында басталды. Өзіміздің мықты жақтарымыз бен мүмкіндіктерімізді аша бастадық", - дейді GGG.

Головкин Канелоны басқа қарсыластармен салыстырды. "Оның тәжірибесі бұрынғы қарсыластарымнан әлдеқайда жақсы. Оның шеберлігі, жылдамдығы, күші басқа қарсыластардан ерекше", - деп есептейді қазақстандық.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +24
Астана +20
Ақтау +31
Ақтөбе +28
Атырау +30
Б
Балқаш +29
Ж
Жезқазған +19
Қ
Қарағанды +25
К
Көкшетау +25
Қ
Қостанай +32
Қызылорда +18
П
Павлодар +26
Петропавл +20
С
Семей +24
Т
Талдықорған +29
Тараз +31
Түркістан +25
О
Орал +17
Ө
Өскемен +27
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер