"Канеломен" реванш өтпей қалса не болады? Головкиннің промоутері жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Канеломен" реванш өтпей қалса не болады? Головкиннің промоутері жауап берді © boxingscene.com

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) промоутері Том Леффлер мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен реванш өткізу басты мақсат екенін жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) промоутері Том Леффлер мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен реванш өткізу басты мақсат екенін жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

 Головкин - Альварес арасындағы екінші жекпе-жек 2018 жылы 5 мамырда өтеді деп болжанады. Сонымен қатар, промоутер реванш болмай қалған жағдайда қосымша нұсқалардың бар екенін жеткізді. Алайда BoxingScene.com мәліметінше, Головкин өз командасына барлық нұсқаны екінші орынға қойып, "Канеломен" келісімшарт жасасуды тапсырған. 

"Канеломен" жекпе-жек басты мақсатымыз. Golden Boy мұны қалап отыр, НВО қалап отыр. Golden Boy "Канеломен" сөйлесіп көреді. Фанаттар да екінші жекпе-жектің болғанын қалайды. Головкин мен Альварес жекпе-жекте барлығын салды, олар да қайта жұдырықтасқысы келеді", - деп жазады BoxingScene.com Лефлердің сөзін. 

Қосалқы нұсқалар бойынша: Джермалл Чарло (26-0, 20 КО), орта салмақта WBO чемпионы Билли Джо Сондерсом (25-0, 12 КО), Дэниэл Джейкобспен реванштық кездесу және екінші орта салмақта WBO чемпионы Хильберто Рамирес (36-0, 24 КО).

Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды. Сонымен қатар, Спорттық комиссия басшысы "Канелоның" пайдасына дауыс берген төрешіні шеттетті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети