"Канелоның" промоутері: Тең нәтижені әділ шешім дейтіндерге таңғаламын

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Канелоның" промоутері: Тең нәтижені әділ шешім дейтіндерге таңғаламын

Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес жекпе-жегін тағы бір көруге лайықты деп санайды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Меніңше, "Канело" жеңді. Мен оған бастапқы үш раундты берер едім. Төртінші мен сегізінші раундтар аралығында ол босаңсып қалды, бірақ алтыншы раундта ол Головкинді есеңгіретті, соңғы үш раундта да басымдыққа ие болды. Көптеген фанаттар мен БАҚ өкілдері тең нәтижені әділ шешім деп санайды... Сонымен қатар, GGG жеңді деушілер де бар, біреулер жеңісті Альвареске береді. Тең нәтижені әділ шешім дейтіндерге таңғаламын. Бұл екі ұлы боксшының жекпе-жегі, "тай-брейкке" әбден лайық", - деп жазады BoxingScene.com басылымы Гоместің сөзін. 

Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундқа созылды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды. Сонымен қатар, Спорттық комиссия басшысы "Канелоның" пайдасына дауыс берген төрешіні шеттетті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети