15 қазан 2018 14:57

Қарсыласын 57 секундта құлатқан қазақстандық боксшы BoxRec рейтингінде 231 сатыға көтерілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Садриддин Ахмедов. © facebook.com/eottmboxing/ Садриддин Ахмедов. © facebook.com/eottmboxing/

Орта салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (4-0, 4 КО) өз дивизионында 36 сатыға көтерілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Орта салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (4-0, 4 КО) өз дивизионында 36 сатыға көтерілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Канаданың Монреаль қаласында өткен бокс кешінде 20 жастағы Ахмедов мексикалық Хесус Хавьер Мендозамен жұдырықтасты. Алты раундқа есептелген жекпе-жек алғашқы раундтың 57-ші секундында аяқталды. Кездесу бірінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды. 

Ахмедов үшін бұл төрт жекпе-жегіндегі төртінші жеңіс, ал 29 жастағы Мендоза алтыншы рет жеңілді. Сонымен қатар, мексикалық боксшы кәсіпқой рингте жеті рет жеңіске жетіп (алтауы нокаутпен), бір рет тең түскен.

Бұл жетістік Ахмедовке BoxRec рейтингінде 231 орынға көтерілуге мүмкіндік берді.

Ахмедов кәсіпқой рингке биыл шыққан. Ал әуесқой бокста 2016 жылғы жастар чемпионатының жеңімпазы атанды. Қазақстандықтың кәсіпқой бокстағы жекпе-жектерінің барлығы Канадада өтті. Қазақстандықтың ісін Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясы жүргізеді. Сонымен қатар, бұл компанияда тағы үш қазақстандық бар - Батыр Жүкембаев (14-0, 12 КО), Нұрзат Сабыров (7-0, 6 КО) және Абылайхан Құсайынов (9-0, 6 КО).

Айта кетейік, Құсайынов та осы бокс кешінде жұдырықтасып, екінші раундта өзге мексикалықты нокаутқа түсірді. Осылайша, ол әлемдік рейтингтің ТОП-100 боксшылар тізіміне кірді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети