10 наурыз 2014 18:23

Қазақ боксшылары Бакуде 4 медаль еншіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

фото 1news.az фото 1news.az

Бакуде аяқталған халықаралық "Жібек жолы" турнирінде қазақстандық боксшылар 4 медаль еншіледі деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ұлттық құрама мүшелері арасында 52 келідегі Олжас Сәттібаев пен 60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Закир Сафиуллин барлық кездесуде жеңіске жетсе, 81 келіде Дәурен Елеусінов финалда әзербайжандық қарсыласы Жаба Хоситашвилиге есе жіберді. Ал 69 келіде сынға түскен Сағадат Рахманқұлов қоланы қанағат тұтты. Сондай-ақ, Ерлан Тамемов (52 келі), Сапарбай Айдаров (75 келі) және Нұржан Бекзатов (+91 келі ) ширек финалда сүрініп, жарысты аяқтады. Жыл сайын Әзербайжан астанасында өтетін былғары қолғап шеберлерінің жарысына биыл әлемнің тоғыз мемлекетінен 130 боксшы қатысты. Жалпы есепте, 4 алтын медаль еншілеген алаң иелері көш бастап, одан кейінгі орындарды Қырғызстан, Ресей, Литва, Грузия, Қазақстан құрамалары иеленді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети