08 қаңтар 2018 09:25

"Қазақ жауынгері" лақап атымен танылған қытайлық боксшы титулын нокаутпен қорғады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vk.com/kazproboxing © vk.com/kazproboxing

Қытайлық боксшы Елхат Нығметолла (12-0-1, 4 КО) жеңіл салмақта WBA нұсқасы бойынша Азия чемпионатында титулын қорғап қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz "ВКонтакте" желісіндегі "Профи Бокс Казахстана" тобына сілтеме жасап. 

Нығметолла Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен бокс кешінде өнер көрсетті. Оның қарсыласы индонезиялық Икала Тобида (13-24-1, 8КО) болды. Жекпе-жек үшінші раундта аяқталып, "Қазақ жауынгері" техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 

Қазақ боксшысының бұл 12-ші жеңісі, ол спорттық мансабында бір рет тең түскен. Оның қарсыласы 24 жекпе-жекте жеңіліп, 13 рет жеңген және бір рет тең түскен. 

Айта кетейік, Елхат Нығметолла танымал қазақстандық боксшы Қанат Исламның (25-0, 20 КО) жерлесі. Екі спортшы да Алтайда, Синьцзянь провинциясындағы Іле қазақ автономиялық округында дүниеге келген. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети