29 наурыз 2019 16:19

"Қазақ стилі". Қанат Бейсекеев Лос-Анджелестегі боксшылардың өмірін көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрынан Видео кадрынан

Режиссер Қанат Бейсекеев АҚШ-тағы қазақстандық кәсіпқой боксшылар туралы деректі фильмін таныстырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Режиссер Қанат Бейсекеев АҚШ-тағы қазақстандық кәсіпқой боксшылар туралы деректі фильмін таныстырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Qazaq boks stıli картинасының басты кейіпкері Жәнібек Әлімханұлы болды. Ол Top Rank промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырған. Ұйым басшысы Боб Арум әлемдегі үздік боксшылармен жұмыс істейді.

Фильмге Мадияр Әшкеев, Сағадат Рақманқұл, Асхат Уәлиханов, Мейірим Нұрсұлтанов сияқты боксшылар түскен. Картинадан спортшылардың жаттығулары мен спаррингтерін ғана емес, Америкадағы өмірін көруге болады. 

Картина авторы әлемге Головкиннен бөлек әлемдік аренада чемпион бола алатын басқа да қазақстандық спортшыларды көрсеткісі келгенін айтты. Ол бұл жобаны "Хабар" телеарнасымен бірге жүзеге асырған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Я и где-то там играет @rogerfederer/ Рахмет @zarinadiyas за приглашение. #usopen

Публикация от kana beisekeyev (@beisekeyev)

Бұған дейін Қанат Бейсекеев Ирандағы қазақтардың өмірі жайлы фильм түсірген болатын. 

Қанат Бейсекеев өзінің шығармашылық жолын Vox Populi жобасында бастаған. Кейін жас фотограф Америкаға оқуға кетіп, сол жақтағы қазақстандықтар туралы деректі фильмдер түсірді. Бүгінге дейін автор 30-дан аса деректі фильмді жарыққа шығарған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети