15 қыркүйек 2021 11:46

"Қазақстанда рэптегі Тупак сияқтымын". Рой Джонс сүйікті елі туралы сұраққа жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/royjonesjrofficial Фото: instagram.com/royjonesjrofficial

Танымал америкалық кәсіпқой боксшы Рой Джонс Instagram тікелей эфирінде қай елдерде өмір сүре алатыны туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Танымал америкалық кәсіпқой боксшы Рой Джонс Instagram тікелей эфирінде қай елдерде өмір сүре алатыны туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Джонс өзі өмір сүре алатын елдердің бірі ретінде Қазақстанды атады. Ол қазақстандықтардың ерекше сүйіспеншілігі мен қарым-қатынасы туралы айтты.

"Қазақстан! Олар мені сонда жақсы көреді. Қазақстанда рэптегі Тупак сияқтымын. Сондықтан мен Қазақстанды жақсы көремін", - деп жауап берді ол.

Тікелей эфирге қатысқандардың бірі, боксшы Джереми Уильямс Қазақстан туралы естімегенін айтқанда, оған Рой Джонс "GGG шыққан ел" деп жауап берді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от TengriNews (@tengrinewskz)

Айта кетейік, Рой Джонс Қазақстанда бірнеше рет болған. Ол Қарағандыда 2016 жылдың желтоқсанында Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған дәстүрлі турнир өткен кезде келген еді. Сонымен қатар, аты аңызға айналған боксшы Алматыда, Нұр-Сұлтан мен Рудныйда болған.

"Джонс эфирде өзі айтқандай, ол Қазақстанды жақсы көреді. Біздің адамдарды, табиғатты жақсы көреді. Ол Қазақстанда төрт рет болды және әр жолы алғыс айтып, жақсы пікір білдіретін. Джонс қазақстандық көрермен алдында өнер көрсеткенді ұнатады. Ол тіпті өз тобымен Қазақстанға ән арнаған" - дейді спорт промоутері Әлихан Жарылғапов.

Әлихан Жарылғапов, Геннадий Головкин және Рой Джонс

Рой Джонс - 1988 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері. Жартылай ауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы. Орта салмақтағы (IBF нұсқасы, 1993-1994 жылдар), екінші орта салмақ (IBF нұсқасы, 1994-1996 жылдар), аса ауыр салмақ (WBC нұсқасы, 1997, 1997-2002 және 2003-2004; WBA нұсқасы, 1998-2002 жылдар, IBF нұсқасы, 1999-2002 жылдар), бірінші ауыр (WBU нұсқасы, 2013-2015, 2018; WBF нұсқасы, 2017 жыл) және ауыр (WBA, 2003 нұсқасы) салмақ санаттарында әлем чемпионы.

Ол төрт салмақ дәрежесінде әлем чемпионы үшін 22 боксшыны жеңген. Джонс 1990 жылдары америкалық бокс журналистері қауымдастығы және Ring журналы шешімімен "онжылдық боксшысы" атанған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети