30 қазан 2019 09:22

Қазақстандық Әли Ахмедов WBC рейтингінде топ-15 тізіміне енді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов WBC рейтингінде топ-15 тізіміне енді, - деп хабарлайды Vesti.kz


Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов WBC рейтингінде топ-15 тізіміне енді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Әли Ахмедов соңғы жекпе-жегін 6 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткізген. Қарсыласы америкалық Эндрю Эрнандес болған. 

Кездесу 12 раундқа есептелген, бірақ қазақстандық боксшы бірінші раундтың 44-секундында қарсыласын нокаутқа түсірген. Осылайша, Ахмедов титулын қорғап қалған болатын. 

Осы жеңістен соң ол WBC рейтингіне еніп, екінші орта салмақ тізімінде 15-орынға орналасты. 

Айта кетейік, Ахмедов жұдырықтасқан бокс кешінің басты жекпе-жегінде Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен украиналық Сергей Деревянченко орта салмақта IBF және IBO титулдарын сарапқа салған. Боксшылар 12 раунд бойы қолғап түйістіріп, Головкин төрешілер шешімімен жеңген еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети