12 қараша 2022 09:15

Қазақстандық боксшы Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚБФ ҚБФ

Қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының алтын жүлдесін иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.


Қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының алтын жүлдесін иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Турнирдің ақтық жекпе-жегінде 57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз жапон боксшысы Ирие Сенаға қарсы жұдырықтасты. Тартысты өткен бұл кездесудің үш раунды аяқталған соң, төрешілер жеңісті Карина Ибрагимоваға берді.

Еске салайық, бұған дейін әйелдер арасындағы Азия чемпионатында Алуа Балқыбекова (48 келі) және Жайна Шекербекова (54 келі) алтын жүлде жеңді.

Ал Назым Қызайбай (50 келі), Жазира Орақбаева (52 келі), Мадина Нұршаева (66 келі), Дариға Шәкімова (70 келі) және Ләззат Күнгейбаева (+81) қола жүлденің иегерлері атанды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети