08 сәуір 2018 09:25

Қазақстандық боксшы Канадада өткен жекпе-жекте қарсыласын 31 секундта нокаутқа түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚБФ © ҚБФ

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов кәсіби деңгейдегі тұңғыш жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов кәсіби деңгейдегі тұңғыш жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ахмедов бірінші орта салмақтағы тұңғыш жекпе-жегін Канаданың Квебек қаласында бокс кешінің шеңберінде өткізді. Оның қарсыласы болған - мексикалық Тони Баррерас. Ахмедовке жеңіс үшін бар болғаны 31 секунд жеткілікті болды.

Бастапқыда оның қарсыласы мексикалық боксшы Вальдо Рохас болады делінген. Алайда кейін ол Баррерасқа ауыстырылды.

2016 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатын жеңген 20 жастағы Садриддин Ахмедов бұған дейін канадалық Eye of the Tiger Managament промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети