11 ақпан 2019 10:44

Қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еділ Қожамбердиев. © Tukeshov Boxing Prmotions Еділ Қожамбердиев. © Tukeshov Boxing Prmotions

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Еділ Қожамбердиев мексикалық Хуан Карлосты мерзімінен бұрын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Еділ Қожамбердиев мексикалық Хуан Карлосты мерзімінен бұрын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу Мексиканың Тихуана қаласында өткен бокс кеші аясында ұйымдастырылды. Жекпе-жек 4 раундқа есептелген, алайда Қожамбердиев бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңді. 

Осылайша, 32 жастағы Қожамбердиев кәсіпқой бокста 8-ші кездесуін өткізіп, алтауын мерзімінен бұрын жеңіп, екеуінде жеңілген. Ал оның қарсыласы спорттық мансабында 27-ші рет жеңіліп отыр екен. Ол бұрындары үш рет нокаутпен жеңген және үш рет қарсыласымен тең түскен. 

Қожамбердиев кәсіпқой бокста 2017 жылы шілдеде АҚШ-та өнер көрсете бастады. Кейінірек ол Отанында үш рет және Ресейде екі рет жұдырықтасты. Әзірше ол алты раундтық кездесулерге шыққан жоқ. 

Ол жартылай ауыр салмақтан бастаған, алайда кейінірек бірінші ауыр дивизионға өтті. Оның келесі жекпе-жегі 27 ақпанда өтеді. Қарсыласының есімі әзірше белгісіз. 

Уалихан Қосанбай

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети