14 маусым 2019 15:57

Қазақстандық боксшы WBA, WBC және WBO титулдарын қашан қорғайтыны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Suleiman Promotions © Suleiman Promotions

Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (11-0, 8 КО) аймақтық WBO Global, WBC Asia және WBA Inter-Continental белбеулерін қашан қорғайтыны белгілі болды. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне боксшының командасына жақын адам хабарлады.

Жекпе-жек 14 тамызға белгіленген. Кездесудің өтетін орны мен қарсыласы кейін белгілі болады. Қазіргі таңда Ербосынұлының командасы жекпе-жек өтетін орын деп Ресей, Аустралия және Канаданы қарастырып отыр екен.

Айта кетейік, соңғы рет Ербосынұлы наурыздың 25-не қараған түні "Алматы Аренада" өткен бокс кешінде жұдырықтасқан еді. 27 жастағы қазақстандықтың қарсыласы "Талқандаушы" лақап атымен белгілі намибиялық Лукас Ндафолум болған. Кездесу толық он раунд өтіп, Ербосынұлы төрешілердің бірауыздан қабылданған шешімімен жеңген. Осылайша, ол WBO Global мен WBC Asia титулдарын қорғап, WBA Inter-Continental белбеуін иеленген болатын.

Осы жетістік арқасында Ербосынұлы екінші орта салмақтағы BoxRec рейтингінде 70-орынға көтеріліп, WBA рейтингінің ТОП-10 тізіміне енген.

Қазақстандық боксшы 11 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жеткен (8-і нокаут). Боксшы өз карьерасында Ресей, Украина, АҚШ және Қазақстанда жұдырықтасып шықты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети