23 қараша 2014 | 16:21

Қазақстандық Назым Қызайбай бокстан әлем чемпионатында финалға шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назым Қызайбай. ©kfb.kz Назым Қызайбай. ©kfb.kz

48 келіге дейінгі салмақта қазақстандық спортшы Назым Қызайбай қыздар арасындағы бокстан әлем чемпионатында финалға шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz Қазақстан бокс федерациясының сайтына сілтеме жасап. Бокстан әлем чемпионаты Оңтүстік Кореяның Джеджу қаласында өтіп жатыр.


Иконка комментария блок соц сети

48 келіге дейінгі салмақта қазақстандық спортшы Назым Қызайбай қыздар арасындағы бокстан әлем чемпионатында финалға шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz Қазақстан бокс федерациясының сайтына сілтеме жасап. Бокстан әлем чемпионаты Оңтүстік Кореяның Джеджу қаласында өтіп жатыр.

Жартылай финалда Қызайбай Жапония боксшысы Мадока Вадумен кездесті. Бұл жұдырықтасуда қазақстандық 3:0 есебімен жеңіске жетті. Шешуші сында спортшы Үндістан боксшысы Шамджетсабам Сарджубаламен кездеседі. Ол жартылай финалда Тайланд елінің спортшысы Раксат Чутаматты тізе бүктірді. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Айта кетейік, Назым Қызайбай бокстан әлем чемпионатында медаль иегері атанып тұр. Ширек финалда қазақстандық боксшы румынның тәжірибелі спортшысы Стелюта Дутамен кездесті. Дута әлем біріншілігінің күміс медалін үш мәрте жеңіп алған. Қызайбай оны 3:0 есебімен жеңді. Қызайбай осымен екінші рет әлем чемпионатының жүлдегері атанғалы отыр - екі жыл бұрын ол қола жүлде ұтып алған. Осыған дейін Қазақстанда бокстан әлем чемпионатының екі мәрте ұтып алған бір ғана спортшы бар еді - Назгүл Боранбаева. Бұл спортшы 48 келіге дейінгі салмақта да рингке шыққан болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети