Қазақстандық нокаутшы Садриддин Ахмедов үш титул үшін жекпе-жекте жеңіске жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық нокаутшы Садриддин Ахмедов үш титул үшін жекпе-жекте жеңіске жетті Садриддин Ахмедов. Фото: Eye of the Tiger Management©

Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) голландиялық Стивен Даньоны (17-3-3, 6 КО) жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) голландиялық Стивен Даньоны (17-3-3, 6 КО) жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Кездесу он раундқа созылды. Ахмедов төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті. Жеңіліссіз келе жатқан қазақстандықтың бұл 12-ші жеңісі. 

Жекпе-жек Қазақстан уақытымен 30 қаңтарда Мексиканың Куэрнаваке қаласындағы бокс кешінде өтті. Мұнда жеңімаз WBA Continental, NABF, WBC Francophone және NABO титулдарын иеленді.

Ахмедов рингке Мексикада алғаш рет шығып отыр. Ол өткен он кездесуін Канадада, тағы біреуін Қазақстанда өткізген. Ол канадалық Eye Of The Tiger Management промоутерлік компаниясымен жұмыс істейді. 

Кейінгі рет Ахмедов рингке былтыр желтоқсанда Монреальда шығып, жетінші раундта аргентиналық Хосе Антонио Вильялобосты (13-6-2, 8 КО) нокаутқа түсірген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети