30 қаңтар 2021 17:58

Садриддин Ахмедовтің жекпе-жегі алдында ұйымдастырушылар Қазақстан әнұранын шатастырып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Eye of the Tiger Management © Eye of the Tiger Management

Мексиканың Куэрнавака қаласында өткен Садриддин Ахмедов пен Стивен Даньоның кездесуі алдында ұйымдастырушылар Қазақстан әнұранын шатастырып алды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 


Мексиканың Куэрнавака қаласында өткен Садриддин Ахмедов пен Стивен Даньоның кездесуі алдында ұйымдастырушылар Қазақстан әнұранын шатастырып алды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Жекпе-жек алдында ұйымдастырушылар Қазақстан әнұранының орнына Канаданың гимнін қосып жіберді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

Жекпе-жектен кейін Ахмедов ұйымдастырушыларға наразылығын білдірді.

"Иә, мұндай жағымсыз жағдай болды. Ұйымдастырушылар мен Канадада жаттығатыныма қарап, осы елдің әнұранын қойып жіберді. Әрине, бұл ұйымдастырушылардың үлкен қателігі. Мен бұл мәселеге байланысты өз наразылығымды білдірдім. Дегенмен менің жеңісімнен кейін көптеген мексикалық Қазақстан туралы көбірек білді. Жеңіске жеттім. Үш белбеу жеңіп, туымды көтердім", - деді Ахмедов Vesti.kz порталына берген сұхбатында. 

Еске салайық, бүгін Садриддин Ахмедов WBA Continental, NABF, WBC Francophone және NABO титулдарын иеленді. Кездесу он раундқа созылды. Ахмедов төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті. Жеңіліссіз келе жатқан қазақстандықтың бұл 12-ші жеңісі. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети