Қазақстандықтар GGG жекпе-жегі мен "Эль-Класиконы" бір күнде көреді

31 Қаңтар 2018, 10:14
1
Қазақстандықтар GGG жекпе-жегі мен "Эль-Класиконы" бір күнде көреді - © Instagram
© Instagram

2018 жылы 6 мамырда қазақстандықтар әлемдік деңгейіндегі бірнеше спорттық шараны тамашалай алады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Осы күні Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" арасындағы жекпе-жек өтеді, ал одан бірнеше сағат бұрын ауыр салмақта Дэвид Хэй мен Тони Белью жұдырықтасады. 

Уақыт айырмашылығына байланысты қазақстандықтар осы шараларды тек 6 мамырда көреді. 

Сонымен қатар, 6 мамырда испаниялық "Барселона" және "Реал" клубтары кездеседі. "Эль-Класиконың" қай уақытта басталатыны белгісіз. 

Сондай-ақ, осы күні хоккейден әлем біріншілігінің үш кездесуі, "Джиро-д'Италия" кезеңі және Доха қаласында жақұт лигасының жарыстары болады. 

Осыған дейін Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жек өткізу туралы келісімге қол қойғаны хабарланған еді. Бұл туралы боксшылардың өздері, олардың промоутерлері және жекпе-жекті ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсететін HBO арнасы мәлімдеді.

Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталған еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай