Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қазақстандықтар GGG-Монро жекпе-жегін тікелей эфирден көре алады

13 Мамыр 2015, 14:44
2
©Massaget.kz
©Massaget.kz

"Қазақстан" ұлттық арнасы Геннадий Головкиннің жақын арада өтетін екі жекпе-жегін тікелей эфирден көрсету құқығына ие болды. Бұл туралы Massaget.kz басылымы "Қазақстан" ТРК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

17 мамыр күні таңғы уақытта "Қазақстан" телеарнасы мамыр айындағы басты жекпе-жектердің бірі - орта салмақтағы WBA, WBC (Interim) және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин мен орта салмақта Boxcino 2014 турнирінің жеңімпазы, 28 жастағы кіші Вилли Монро арасындағы кездесуді Лос-Анджелес қаласынан тікелей эфирде көрсетеді.

Лос-Анджелестің (АҚШ) 17 мың адамға арналған The Forum аренасынан үлкен бокс кеші 17 мамыр күні сағат 7.00-де "Қазақстан" телеарнасынан көрсетіледі. Қос боксшының жекпе-жегі шамамен таңғы 9.00-де көрсетіледі. Көрсетілімнің қайталаулары 17 мамыр күні күндізгі уақытта және 18 мамыр күні кешкі уақытта Кazsport телеарнасынан көрсетіледі.

Геннадий Головкиннің екінші жекпе-жегі, болжам бойынша, қыркүйек айына жоспарланып отыр. Нақты күні, өткізілетін орны және қарсыласының есімі әзірше белгісіз. Бұл жекпе-жекті де қазақстандықтар ұлттық арнадан тамашалай алатын болады.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай