Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

Қазақстаннан шыққан әлем чемпионы Сербиядағы турнирде жеңіліске ұшырады 02 сәуір 2022, 09:49

Теміртас Жүсіпов Белградтағы Beogradski Pobednik турнирінің финалына шыға алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: ©ҚБФ Фото: ©ҚБФ

Теміртас Жүсіпов Белградтағы Beogradski Pobednik турнирінің финалына шыға алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Турнирдің 1/2 айналымында 51 келіге дейінгілер арасында сынға түскен жерлесіміз қырғызстандық Нұржігіт Дүйшебаевқа 4:1 есебімен ұтылды. Осылайша Жүсіпов аталмыш жарыстан кем дегенде қола жүлде еншілейтіні белгілі болды.

Еске салайық, Теміртас Жүсіпов былтыр Сербия астанасындағы әлем чемпионатында 48 келіде алтыннан алқа тағынған еді. Спорттық карьерасында Азия біріншілігінде топ жарған. Сонымен қатар, Қазақстан чемпионатының бірнеше дүркін чемпионы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram
Доллар бағамы күрт өсті