Америкалық комментатор әрі маман Боб Шеридан (HBO, ESPN, FOX және Showtime телеарналарында жұмыс істейді) Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында бірінші орта салмақтағы жұдырықтасатын америкалық Джеймс Кирклендтің осы салмақта өнер көрсететін Қанат Исламға қарсы жекпе-жек өткізуі керектігін жеткізді.
Америкалық комментатор әрі маман Боб Шеридан (HBO, ESPN, FOX және Showtime телеарналарында жұмыс істейді) Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында бірінші орта салмақтағы жұдырықтасатын америкалық Джеймс Кирклендтің осы салмақта өнер көрсететін Қанат Исламға қарсы жекпе-жек өткізуі керектігін жеткізді.
"Ислам үлкен жекпе-жектерге лайықты боксшы. Алматыда өткен Патрик Аллотейге қарсы жекпе-жегінен оның көзіндегі отты көрдім. Бұл болашағы бар боксшы. Мен Кирклендтің Исламға қарсы шығады деп үміттенемін. Бірнеше жыл бұрын осы жекпе-жек сөзсіз тартысты кездесу болар еді. Бұл Кирклендке боксқа қайтып келуге жақсы мүмкіндік. Исламға да оңай болмасы анық, сол себепті де бұл жекпе-жек қызықты бола түседі. Мен кімнің фаворит екенін айтпаймын, бірақ міндетті түрде осы жекпе-жекті қарайтын боламын", - деді Шеридан.
Атақты бапкер Дерек Сантос-Россарио Қанат Ислам мен Джеймос Киркленд шаршы алаңда жұдырықтасатын болса, қазақстандық боксшы үшін бұл жаңа ммүкіндіктерді ашатынын айтады. Ал америкалық маман Джо Мак қазақстандық боксшының бұл жекпе-жектен ештеңе ұтпайтынын жеткізді.
Айта кетейік, Ислам мен Киркленд Астанада жекпе-жек өткізуге келіссөздер жүргізіп жатыр. Америкалық боксшы Қазақстанға барудан еш қиындық көріп тұрмағанын жеткізді.
33 жастағы Джеймс Киркленд осыған дейін 2015 жылдың мамыр айында мексикалық Сауль "Канело" Альварестен жеңілген болатын. Америкалық боксшы 34 кездесу өткізіп, олардың тек екеуінде жеңіліске ұшыраған. Сондай-ақ, Альварестен басқа ол Головкиннің бұрынғы қарсыласы жапон боксшысы Нобухиро Ишиде жеңілген болатын.
Ал қазақстандық Қанат Ислам бүгін 24-ші жеңісіне қол жеткізді, оның 19-ы мерзімінен бұрын аяқталған. АҚШ-тың Бока Ратон қаласында өткен жекпе-жектің бірінші раундында отандасымыз басымдығын көрсеткен. Алайда Гонсалес қарымта соққы жасай бастады. Тіпті денесіне жасаған соққылары дарып жатты. Бірақ Қанат Ислам сенімді жұдырықтасты.