Қанат Ислам төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Қанат Ислам. © vk.com/kanatislamteam Қанат Ислам. © vk.com/kanatislamteam

Қанат Ислам төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетіп, кәсіпқой бокстағы 24-ші жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Осылайша отандасымыз WBO NABO және WBA Inter-Continental титулдарын жеңіп алды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қанат Ислам төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетіп, кәсіпқой бокстағы 24-ші жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Осылайша отандасымыз WBO NABO және WBA Inter-Continental титулдарын жеңіп алды.

АҚШ-тың Бока Ратон қаласында өткен жекпе-жектің бірінші раундында отандасымыз басымдығын көрсеткен. Алайда Гонсалес қарымта соққы жасай бастады. Тіпті денесіне жасаған соққылары дарып жатты. Бірақ Қанат Ислам сенімді жұдырықтасты. 

Ал төртінші раундта Қанат Ислам бірнеше соққысын дарытып, мексикалықты әлсіретіп тастады. Қарсыласы қазақстандықтың үдеткен соққысына әлсіз жауап қана қайтарып жүрді. 

Бесінші раундта Гонсалестің қабағы жарылып, жағдайы нашарлап кетті. Ал осыдан кейін қазақстандық боксшы 12 раундтың қорытындысы бойынша жеңімпаз деп танылды.

Айта кетейік, Қанат Ислам 24 жекпе-жекте 24-ші жеңісіне қол жеткізді, оның 19-ы мерзімінен бұрын аяқталған. Ал Норберто Гонсалес кәсіпқой бокста 9-шы рет жеңіліс тауып отыр. Оның активінде 23 жеңіс бар, оның 13-і уақытынан бұрын аяқталған.

Гонсалес Исламнан төрт жасқа үлкен, ол кәсіпқой боксқа да бес жыл бұрын келген: Қанат Ислам 2012 жылдың қыркүйегінде кәсіпқой боксқа келсе, Гонсалес 2007 жылдан бері жұдырықтасып жүр.

Ал кейін Қанат Ислам қарсыласын неге нокаутқа түсіруге асықпағанын айтып, видео жариялады:

Ал осының алдында қазақстандық тағы бір боксшы Жанқош Тұраров мексикалық қарсыласы Густаво Гарибайды үшінші раундта екі рет нокдаунға түсіргеннен кейін нокаутпен жеңген еді. Осылайша қазақстандық боксшы 21-ші жеңісіне қол жеткізді, оның 15-і уақытынан бұрын аяқталды. Гарибай өз кезегінде мансап жолында 9-шы рет жеңіліс тауып отыр. Оның активінде 13 жеңіс және 2 тең жекпе-жек бар. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 516.04  course up  583.52  course up  6.29  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer