26 қараша 2019 17:08

Ковалев "Канелоны" қарымта жекпе-жекке шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік кәсіпқой боксшы Сергей Ковалев (34-4-1, 29 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альваресті (53-1-2, 36 КО) қарымта жекпе-жекке шақырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Ресейлік кәсіпқой боксшы Сергей Ковалев (34-4-1, 29 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альваресті (53-1-2, 36 КО) қарымта жекпе-жекке шақырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Енді шындыққа тура қарайық... Энтони Ярдпен жекпе-жектен кейін толыққанды демалсам, "Канело" мені жеңе алмас еді. Альварестің командасы бәрін есептеп, мен әбден қалжыраған уақытта ұтымды ұсыныс жасады. Ярдпен кездесу екі рет шегерілді, сондықтан ұзақ жаттықтым, бұл ауыр болды және 12 келі салмақ тастадым", - дейді Сергей Ковалев. 

Ресейлік боксшы мексикалықпен жекпе-жек өткізуге дайын болмағанын айтады. 

"Мұндай жағдайда "Канело" - Ковалев жекпе-жегіне 100 пайыз дайын емес едім, бірақ, жұдырықасуға шақырғанда шегіне алмаймын. Оның өзінде жеңіске үмітті едім, алайда, жанармай жетпеді. Бұл "Канело" командасының есебі. Сондықтан "Канело" шынымен мені жеңдім деп есептесе, қарымтада мұны дәлелдесін. Оны 2020 жылы мамырда өткізе аламыз", - деп жазды Ковалев Instagram желісіндегі парақшасында. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети