Ковалев пен Андре Уорд жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ковалев пен Андре Уорд жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Лас-Вегаста 18 қарашада орта салмақтағы ресейлік боксшы Сергей Ковалев (30-0-1, 26 КО) пен америкалық Андре Уорд (30-0, 15 КО) жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz. Айта кетейік, екі боксшы да бірдей салмақ көрсетті - 175 фунт (79,4 келі).

Боксшылардың кездесуі 19 қарашада Лас-Вегаста (Астана уақыты бойынша 20 қарашада таңғы уақытта) өтеді. 33 жастағы Ковалев жекпе-жектен екі миллион доллар алса, 32 жастағы Уорд  бес миллион доллар алады. Екі боксшы үшін бұл рекордтық сома болып тұр.

Айта кетейік, жекпе-жек "Хабар" телеарнасынан көрсетіледі. Сондай-ақ, бокс кешінің андеркатында қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов та өнер көрсетеді. Ол бұл жолы алғаш рет кәсіпқой бокста жұдырықтаспақшы. Ал оның қарсыласы - АҚШ өкілі Генри Бекфорд. Америкалық боксшы осыған дейін де қазақстандық боксшылармен кездесу өткізген екен.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 485.61   555.95   6.01 

Ауа райы

Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети