03 қараша 2016 13:55

Мейірім Нұрсұлтанов Ковалев-Уорд жекпе-жегінің андеркатында жұдырықтасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мейірім Нұрсұлтанов © Facebook Мейірім Нұрсұлтанов © Facebook

"Астана Арланс" клубының бұрынғы боксшысы Мейірім Нұрсұлтанов Ковалев-Уорд жекпе-жегінің андеркатында жұдырықтасады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Ол 19 қарашада Лас-Вегаста кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді.


"Астана Арланс" клубының бұрынғы боксшысы Мейірім Нұрсұлтанов Ковалев-Уорд жекпе-жегінің андеркатында жұдырықтасады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Ол 19 қарашада Лас-Вегаста кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді.

Мейірім Нұрсұлтанов америкалық 26 жастағы Монреко Голдстанмен кездеседі. Монреко Голдстан кәсіби рингте алты жекпе-жек өткізіп, бірде-бірінде жеңіліске ұшырамаған: 5 рет жеңіске жетіп, бір рет тең есеппен кездесуді аяқтаған. Айта кетейік, боксшылардың жекпе-жегі 19 қарашада Лас-Вегаста өтеді. Кештің басты кездесуі ресейлік Сергей Ковалев пен америкалық Андре Уордтың арасындағы жекпе-жек болмақ. Боксшылар үш белбеуде жұдырықтасады - WBA (Super), IBF және WBO.

Еске сала кетейік, орта салмақтағы боксшы Мейірім Нұрсұлтанов осыған дейін қазақстандық "Астана Арланс" клубында өнер көрсеткен болатын. Қазақстандық боксшы Монреко Голдстанмен өтетін жекпе-жекке Роберт Гарсияның жетекшілігімен дайындалған. Сонымен қатар, америкалық маман тағы бір қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеевпен жұмыс істеп жатыр. Ол рингке шамамен 26 қарашада оралуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети