19 қаңтар 2019 | 12:02

Ковалевтің промоутері мен менеджері спортшыға тағылған айыпқа қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сергей Ковалев. Фото HBO Boxing Сергей Ковалев. Фото HBO Boxing

Жартылай ауыр салмақта бұрығы әлем чемпионы ресейлік Сергей Ковалевтің мүддесін қорғайтын промоутер Кэти Дува мен менеджер Эгис Климас ресейлік спортшының АҚШ-та әйелге шабуыл жасады деп айыпталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Жартылай ауыр салмақта бұрығы әлем чемпионы ресейлік Сергей Ковалевтің мүддесін қорғайтын промоутер Кэти Дува мен менеджер Эгис Климас ресейлік спортшының АҚШ-та әйелге шабуыл жасады деп айыпталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Оқиға 2018 жылдың 9 маусымында Калифорния шатытндағы Биг-Бэр қаласында болған. Іске жақын мәлімет көздері Ковалевтің сауық кешінде әйел адамға қырындағанын айтады. Әйел боксшының бұл әрекетін жақтырмаған. Осыдан кейін ресейлік досымен бірге әйелдің артынан оның үйіне барып, оқиға сол жерде болғанға ұқсайды. 

Енді екінші сот отырысы наурызда өтеді.

"Сергейге жауып жатқан айыптаулар арқылы ақша алғысы келіп отыр. Расында да жағдайы ауыр болса, былтыр маусым айынан бері не істеп жүр? Қазір Сергей жекпе-жек өткізуі тиіс, олар болса оны қаралап жатыр. Сергей жекпе-жектен кейін сотта барлығын өз орнына қояды деп сенеміз", - деді Климас "360" арнасына берген сұхбатында.

Еске салайық, мұның алдында Сергей Ковалевтің АҚШ-та әйелге шабуыл жасағаны үшін төрт жылға сотталуы мүмкін екені хабарланған еді.

Уалихан Қосанбай

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети