26 маусым 2016 13:20

Крис Юбенк Головкиннің белбеулеріне көз тікті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Крис Юбенк. © REUTERS Крис Юбенк. © REUTERS

Орта салмақта (72,6 келіге дейін) Британия чемпионы Крис Юбенк (23-1, 18 КО) отандасы Том Доранды (17-1, 7 КО) төртінші раундта жеңгеннен кейін қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды.

"Геннадий Головкин, саған бара жатырмын. Сенің белбеуіңді алуға барамын... Жұрт сені жеңілмейді деп ойлайды... сен ондай емессің, мен бара жатырмын", - деп келтіреді ағылшынның сөзін Fighthype.com.

Айта кетейк, Лондонда таяуда өткен жекпе-жегінде Юбенк Том Доранды төрт рет ұрып құлатқан болатын. Төртінші раундта рефери кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды.

Бір апта ішінде Геннадий Головкин мен Крис Юбенктің жекпе-жегі жария болатыны да хабарланып отыр. Соған қарағанда, жекпе-жек қыркүйекте өтеді, себебі GGG осы айда рингке көтерілуі тиіс екені белгілі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети