Кіші Флойд Мейвезердің командасы Геннадий Головкинге жауап қатты

17 Маусым 2015, 09:11
0
Кіші Флойд Мейвезердің командасы Геннадий Головкинге жауап қатты - Кіші Флойд Мейвезер. ©ВКонтакте
Кіші Флойд Мейвезер. ©ВКонтакте

Кіші Флойд Мейвезердің командасы Геннадий Головкинге жауап қатты, - деп хабарлайды Boxingscene.com. Осыған дейін қазақстандық боксшы америкалық қарсыласын жеңетініне жүз пайыз сенімді екенін мәлімдеген болатын.

"Ол ғажап кездесу болар еді. Бұл - менің арманым. Әрине, мен Флойдты жеңе аламын. Жеке басыма қатысты дүние емес, бар болғаны бизнес. Мен оны жеңетініме жүз пайыз сенемін. Мен кез келген боксшыны жеңуге дайынмын", - деді Головкин.

Өз кезегінде кіші Мейвезердің командасы былай деп жауап қатты: "Бокста бәрі Флойдпен жұдырықтасқысы келеді. Бұл өте көп гонорар. Головкин мансап жолында ешқашан ТОП-боксшылармен жұдырықтасқан емес. Шынымызды айтсақ, оны (TMZ басылымына қарата) өздеріңіздің шоуларыңызға шақырғандарыңызға таңбыз".

Кіші Флойд Мейвезер Ring журналының тұжырымы бойынша, салмақ дәрежесіне қарамастан бірнеше рет әлемнің үздік боксшы деп танылды. Оның қоржынында 48 жеңіс, оның ішінде 26 нокаут бар. Мейвезер соңғы рет рингке 2 мамырда шығып, есеп бойынша филиппиндік Мэнни Пакьяоны жеңді. Жекпе-жектен кейін ол барлық чемпион белбеуінен бас тартатынын және мансабындағы ең соңғы жекпе-жегін қыркүйек айында өткізетінін мәлімдеді. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

 

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай