17 маусым 2020 14:32

"Күтетін уақыт жоқ". 18 нокауты бар боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: otempo.com.br Сурет: otempo.com.br

Бразилиялық боксшы Эскива Фалькао (26-0, 18 КО) орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинді (40-1-1, 35 КО) жекпе-жекке шақырды. Бұл туралы ол Terra.com.br порталына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

IBF рейтингінде Фалькао бесінші, алайда, тізімде бірінші және екінші орын бос тұр.

"Қытайда титул үшін жұдырықтасу керек болғанмын, пандемия болды. Үзіліс ұзақ болды. Ендігі мақсат - 2021 жылдың басында белбеу үшін жекпе-жек, күтетін уақыт жоқ. 

Негізгі төрт федерацияның рейтингінде де бармын, чемпиондыққа ең жақыны IBF желісі бойынша. Мұнда GGG чемпион, алайда ол 38 жасқа келді. Қозғалысы нашарлап қалған, дегенмен, әлі де соққысы ауыр. Бұл мен үшін жақсы айқас болады, төрешілер шешімімен жеңемін. GGG-дің барлық жекпе-жегін тамашалаймын, жыл сайын нашарлап келеді. Жылдамдық, дәлдік, күш пен ептілік жайлы айтып отырмын. Менің қарқыныма шыдай алмайды деп ойлаймын", - дейді Фалькао.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети